
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Лион (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Turanews.kz КТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Недовесов мексикалық Мигель Анхел Рейес-Вареламен бірге алғашқы айналымда отандасы Андрей Голубев – эквадорлық Гонсалов Эскобармен кездесті. Бұл кездесуде қазақстандық-мексикалық жұп 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық-мексикалық дуэтке ширек финал қиынға түседі. Олар жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, америкалық Раджив Рам – ұлыбританиялық Джо Сэлисберимен кездеседі.