Спорт

Қазақстандық теннисші ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстанның екінші, әлемнің 56-ракеткасы Александр Шевченко Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты.

Жуырда ғана Қазақстан азаматтығын алған А.Шевченко алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 126-орында тұрған франциялық Бенжамен Бонзимен өзара кім мықтыны анықтады.

Қазақстандық спортшы бір жарым сағатқа созылған ойында 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ол матч барысында 7 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 6 эйс, 1 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады.

Александр Шевченко ширек финалға шығу үшін 7 ақпан күні әлемнің сегізінші, осы жарыстың бірінші ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Хуркачпен таласады.

Жүлде қоры 724 015 еуроға бағаланған дода 11 ақпанда мәресіне жетеді.

Source
BasSport.kz

TuraNews

Back to top button