Қоғам

Қазақстандық шұбат шетелдерге экспортталады

Ұлттық сусын – шұбатқа деген сұраныс жоғары. Экологиялық таза өнім тек қазақстандықтар арасында ғана емес, шетелде де танымалдылыққа ие. Қазір отандық өнім көршілес Қытай мен араб елдеріне экспортталып жатыр. Шетелге жөнелту мақсатында Алматы облысындағы Ақши ауылы шұбат өндірісін өркендетуге кірісті. Өткен жылы мұнда ұнтақталған түйе сүтін шығаратын кәсіпорын ашылған болатын. Мұнда айына 30 тонна өнім шығарады.

Camel milk

Төлеген Омаров, күрті ауылдық округінің әкімі:

– Түйе малын асырап, басын көбейтіп, сүтін көбейтіп, үйлерінен кәдімгі шұбат ретінде сатып жатқан азаматтарымыз бар. Жақсы қарқынмен, жақсы бағытта келе жатыр бұл жұмыстар бізде. Дүниежүзінде де, біздің мемлекетте де елдің, жұрттың халықтың көзі жетіп отыр, таза өнімдерге көшіп жатыр.

Жамбыл Қарашбаев, ауыл тұрғыны:

– Қаладан сұраныс көп. Заказ келеді 2-3 күн бұрын. Соған Ақшидің автобусынан салып жіберемін, өздері күтіп алады сол жақтан. Болады шұбат. Күніне 50-60 литр шұбат сатамыз.

Шұбатпен қоса, түйе етіне деген сұраныс та өте жоғары. Өйткені оның құрамында холестерин болмайды. Ал майы түрлі ауруларды емдеу мақсатында пайдаланады.

Еркінай Әбілханова, ауыл тұрғыны:

– Екі түйе алып бастадым. Содан кейін ізінен қазір құдайға шүкір, 50 шақты түйем бар. Сөйтіп неғыламын деген жоқпын, құдай, Алланың берген несібесі шығар. балаларымның несібесі шығар. Сөйтіп шұбатпен айналысып отырған жағдайымыз бар. Емдік қасиеті күшті мұның.

Source
Qazaq TV

TuraNews

Back to top button