Саясат
Қазақстандағы Түркия елшісі ауысты
Түркия әлемнің жеті еліндегі, соның ішінде Қазақстан, Португалия, Ұлыбритания және Ирандағы Төтенше және өкілетті елшілерін ауыстырды, деп хабарлайды Turanews.kz.
Президент Режеп Тайип Ердоған қол қойған құжаттың мәтіні бейсенбіде үкіметтің ресми басылымы — Resmi Gazete-де жарияланды.
Шешімге сәйкес, Астанадағы елші Уфук Экиджи Түркияның Луандадағы дипломатиялық миссиясының басшысы болып тағайындалды.
Оның орнына Мустафа Капуджу тағайындалды. Ол бұған дейін құқықтық қызметтер жөніндегі басқарманың бас директоры лауазымын атқарған.