БастыТуризм

Қазақстандағы туризм: Туристер үшін жаңа кэшбек жүйесі енгізіледі

Елімізде туристерге жұмсаған ақшасының 20 пайызын қайтарып беретін кешбэк жүйесі пайда болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп жазады Turanews.kz.

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ұлытау, Абай облыстарын және басқа туристік бағыттарды дамыту мақсатында кешбэк енгізуді қарастырып жатырмыз. Қазір аталған жобаны ашық НҚА-ға жариялап, көпшілік назарына ұсыну жұмысы жүріп жатыр. Жоба қолданыстағы заңнамаға сәйкес әзірленеді. Мысалы, сіз Астанадан Ұлытау облысына турпакет сатып аласыз. Мемлекет сізге шартты түрде сол турпакеттің 20%-ын кешбэк ретінде қайтарып береді», – деді Асхат Оралов Астана халықаралық форумы барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Министрдің айтуынша, аталған жаңашылдықты келер жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Мақсат – ішкі туризмді насихаттау және дамыту.

«Бұл жобаға бүкіл шағын және орта бизнес өкілдері мен турагенттер қатыса алады. Ішкі туризмді ілгерілетіп, туроператорларға қолдау көрсетуіміз керек. Осы орайда аталған жоба жақсы мүмкіндік деп отырмыз», – дейді ол.

TuraNews

Back to top button