Экономика

Қазақстанда жылдық инфляция 16% асып кетті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында инфляцияның артқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«8 айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі көрсеткіштер Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында өсіп отыр. Барлық әкімдіктер өңір экономикасының өсу қарқынын төмендетпеуі керек. Сонымен қатар тамыз айының қорытындысы бойынша елімізде жылдық инфляция 16%-дан асып кетті», — деген Үкімет басшысы бүкіл жауапты басшыларға бағаны тұрақтандыру жұмысын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

«Өңір әкімдіктері мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, азық-түлік өнімдері өндірісін ынталандыру және ішкі нарықты толықтыру бойынша жұмыстарды күшейту қажет»,- деді Премьер-Министр.

TuraNews

Back to top button