Басты
Қазақстанда тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады
Қазақстанда тұрғын үй бағасының қымбаттауы жалғасуда. Қыркүйекте қосалқы нарықтағы үй бағасы тамыз айымен салыстырғанда 1%-тен жоғарыға қымбаттап, орташа құны 474 мыңнан асты, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Аймақтар арасында Ақтөбеде айтарлықтай қымбатшылық байқалды — баға бірден 17 проценттен жоғары көтерілген. Сондай-ақ Ақтау, Қостанай, Жезқазған, Павлодар мен Орал қалаларында бағаның едәуір өсімі тіркелді. Дегенмен өткен айда ең жоғары өсім жалдамалы тұрғын үй нарығында тіркелді.
Жаздың соңғы айымен салыстырғанда ұсыныс 14,5 % көтерілген. Ал бір жылға шаққандағы баға өсімі жалға алу бойынша 47,2%, қосалқы нарықтағы үй бағасы шамамен 26%, жаңа үйлер құны 18% жуық қымбаттаған.