Қоғам

Қазақстанда шетелдіктер визасыз 30 күн ғана бола алады

Енді ЕАЭО азаматтары республикада 180 күннен аспайтын мерзімде 90 күннен, басқа шетелдіктер 30 күннен аспайтын, сонымен қатар алты айда ең көбі 90 күннен аспайтын мерзімде бола алады.

Елімізге визасыз келген шетелдіктер тек 30 күн болады алады. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен онлайн брифингіде мәлімдеді, деп хабарлайды Turanews.kz.

«Елімізде 27 қаңтардан бастап жаңартылған көші-қон ережелері күшіне енді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстанға визасыз келген шетелдіктер елде 30 күн бола алады. Алты ай ішінде визасыз шетел азаматтарының елде болу мерзімі 90 күннен аспауы керек. Ал ЕАЭО (Еуразия экономикалық одағы) азаматтары үшін 180 күн ішінде 90 күннен аспайды. Бұрынғы талапта бұл мәселе реттелмеген. Яғни, шетелдіктер Қазақстанда жүріп-тұру мерзімі аяқталғаннан кейін елден кетіп, қайта келіп, мерзімді жаңарта алатын еді», – деді Шұғыла Тұрлыбек.

Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, жаңа ережелердің уақытша тұру рұқсаты немесе визасы бар шетелдіктерге қатысы жоқ.

TuraNews

Back to top button