
Биыл 1 қаңтардағы дерек бойынша Қазақстанда 4 млн 449,3 мың автокөлік тіркелген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.
ҰСБ ұсынған мәліметке сай, елімізде тіркелген көліктердің 87,9% — жеңіл көліктер, 10% — жүк және 2,1% — автобустар. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда былтыр автокөліктердің саны 3,7%-ға көбейді.

Тіркелген теміртұлпарлардың арасында шығарылған мерзімі 20 жыл асқан көліктер үлесі – 51%. 10 жылдан 20 жылға дейін қолданыстағы көліктер отандық автопарктің 21% құрайды. Ал шығарылғанына 3 жыл толмаған автомобильдер көлемі 8%-ға тең.
Сондай-ақ, 1 қаңтардағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша ұйымдар 49,1 млрд теңгеге 92 146 сақтандыру төлемдерін жүзеге асырған Бұл қаражат 2021 жылмен салыстырғанда 29,5%-ға артық.