БастыТехнология

Қазақстанда орман өртін ғарыштан бақылайтын төрт жасандысерік бар

Елімізде орман және дала өрттерін ғарыштан бақылайтын төрт жасандысерік (спутник) бар, деп хабарлайды Turanews.kz Jibek joly телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың әрқайсысы ел аумағын күніне екі рет суретке түсіреді, қашықтан зондтау арқылы өрт ошақтары анықталады.

Жасандысерік ұшқан соң деректер жерүсті станциясына түсіріліп, жер бетінің температурасын анықтау үшін өңделеді. Содан соң Төтенше жағдайлар министрлігіне арнайы геосервистерге жүктеледі. Олардың қабылданып, өңделіп, жариялануына 2 сағат уақыт кетеді.

«Абай облысындағы өртке келсек, бұл түсірілім 13:20-да геосервистерге жүктелді, сол сәттен бастап, Төтенше жағдайлар министрлігінде де, Экология министрлігінде де «Семей орманында» өрттің басталғаны туралы ақпарат жеткізілді», — деді «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Өскен Тойшыбеков «Жаңа уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында.

TuraNews

Back to top button