Қазақстанда жылдық инфляция қыркүйек айының қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін баяулады

Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп инфляцияны төмендету бойынша шараларды іске асыруды жалғастыруда. Жылдық инфляция ағымдағы жылғы тамыздағы 9,8%-дан қыркүйектің қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін баяулады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.
Оның айтуынша, инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарларына баға өсу қарқынының төмендеуі. Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы айлық мәнде 0,1%-ға төмендеді.
«Инфляцияны тежеу – Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысының бір бағыты болып саналады. Инфляцияның баяулауы аясында осы жылдың екінші тоқсанында халықтың нақты ақшалай табысы бірінші тоқсандағы 0,1%-дан 0,7%-ға дейін өсті», — деді вице-премьер.



