
Осы кезеңнің тұтыну бағаларының индексін (11,7%) ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 0,1% өсті.

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы (408 182 теңге) және Ұлытау облысында (353 036 теңге) белгіленді.
Былтырғы осы тоқсанмен салыстырғанда өңірлер бөлінісінде атаулы ақшалай табыстардың ең үлкен өсімі Алматы облысында – 19,1% және Қарағанды облысында – 16,4% тіркелді.



