БастыҚоғам

Қазақстанда бүгін жаңа мереке атап өтіледі

Бүгін, 1 ақпанда елімізде алғаш рет Азаматтық авиация қызметкерлері күні аталып өтілуде.

Бұған дейін Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде атап өткендей, жаңа мерекені енгізу туралы ұсынысты Қазақстанның азаматтық авиациясы және еңбек ардагерлерінің бірлескен кеңесі енгізген.

«Азаматтық авиация комитеті бұл мерекені айқындау бойынша барлық тиісті жұмыстарды атқарды, ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастаманы қолдады.

Кәсіби мереке азаматтық авиация саласындағы іс-шараларға ерекше мән береді және мемлекеттің жас авиаторларының патриоттық рухын дамытуға ынталандыру болады», — деп атап өтті комитет.

Еске салайық, 2023 жылдың қазан айында Еңбек министрлігі кәсіптік мерекелер тізіміне толықтыру жобасын жариялаған болатын. Кәсіби мерекелердің тізіміне тағы екі мереке кіреді:

Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні – 1 ақпан;

Бұрғышылар күні қарашаның үшінші сенбісі.

Source
inbusiness.kz

TuraNews

Back to top button