Қазақстанда әрбір екінші автокөлік 20 жастан асқан
Республикадағы әрбір он көліктің 7-еуі жолда 10 жылдан астам жүрген
Қазақстандағы әрбір екінші көліктің жолда жүргеніне 20 жылдан асып кеткен. Осындай 2 миллоннан аса көлік бар. Еліміз шеттен келетін ескі «автоқоқысқа» толып барады, деп жазады Energyprom.kz порталы.
Бұл 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен 14,7%-ға көп. Шыққанына 10 жылдан асқан автокөліктердің үлесі бір жылда 63,4%-дан 70,6%-ға дейін өскен.
Оның үстіне Қазақстан Республикасындағы 10 жеңіл көліктің бесеуінің жолда жүргеніне 20 жылдан асқан – бұл 2 миллионға жуық автокөлік. Елімізде шыққанына 10-20 жыл болған 816 мың автокөлік бар.
Қазақстан бойынша, 10 жылдан асқан барлық жеңіл автомобильдердің үштен бірі тек үш өңірге тиесілі:
- Алматы облысы (406,6 мың бірлік),
- Алматы (310,6 мың бірлік)
- Шығыс Қазақстан облысы (211,8 мың бірлік)
Бұл ретте өңірлік автопаркте 10 жылдан асқан автомобильдердің ең үлкен үлесі Жамбыл (86,7%), Жетісу (85,9%) және Алматы (84,1%) облыстарында тіркелген.
Сонымен бірге, республика бойынша орта есеппен ескірген көлік үстемдігі аз екі өңір бар. Олар: Атырау облысы мен Астана қаласы. Онда 10 жылдан асқан машиналардың үлесіне автопарктің жартысынан азы тиесілі: 45,5% және 48,1%.
20 жылдан асқан ескі көліктер туралы айтатын болсақ, мұндай жеңіл автомобильдердің жартысына жуығы бес өңірге: Алматы облысы (317,8 мың бірлік), Алматы (177,2 мың бірлік), Қарағанды (157,3 мың бірлік), Шығыс Қазақстан (154,9 мың бірлік) және Жамбыл (145 мың бірлік) облыстарына тиесілі.
Айта кететін жайт, қазір жоқ Оңтүстік Қазақстан облысында 20 жылдан асқан 103,2 мың жеңіл автокөлік тіркелген. 20 жылдан асқан 115,9 мың жеңіл автомобильдің аймағы мүлдем көрсетілмеген.
Естеріңізге сала кетейік, биыл елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру жүргізілуде (заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады). Десе де, жария етудің басынан бастап, 23 қаңтардан 3 ақпанға дейін 10 мың жеңіл автокөлік жария етілді.
2022 жылы 10 жылдан асқан 678,6 мың жеңіл автокөлік есепке қойылды. Бұл осы кезеңде есепке қойылған барлық жеңіл автомобильдердің 61,3% -ын құрайды. 2021 жылы олар 60% құрады.
Оның ішінде 20 жастан асқан 430,5 мың жеңіл автокөлік бар. Ең көп ескі көлік 2022 жылдың желтоқсанында (45,4 мың бірлік), қазанда (42,9 мың бірлік) және Мамырда (39,5 мың бірлік) есепке қойылды.