БастыЭкономика
Trending

Қазақстан-Түркия ынтымақтастығы: Көлік және логистика басты басымдыққа айналды

Қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстан мен Түркия логистикалық әлеуетті арттыру арқылы экономикалық қарым-қатынасты нығайтуды көздеп отыр. Көлік дәліздерін дамыту – екі ел арасындағы сауда көлемін 15 миллиард долларға дейін ұлғайтудың негізгі тетігі болмақ.

– Каспий теңізі арқылы жүк тасымалын арттырудан бастап, кедендік рәсімдерді жеңілдетуге дейінгі кешенді шаралар қарастырылып отыр. Орта дәліз деп аталатын бағытты Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия сияқты елдердің қатысуымен күшейту көзделуде. Қазіргі жағдайда бұл бағытқа әлемдік сұраныстың артып отырғаны байқалады, – деді вице-президент.

Сонымен қатар, ол энергетика саласындағы ынтымақтастықтың стратегиялық мәніне басымдық берді.

– Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа жеткізуде Әзербайжан мен Түркияның рөлін арттыру мәселесі қарастырылуда. Мұнан бөлек, түрік энергетикалық компаниялары Қазақстанда барлау мен өндіруден бастап түрлі деңгейде белсендірек жұмыс істеуге ниетті, – деді Джевдет Йылмаз.

Вице-президенттің сөзінше, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс тұрақты өсім көрсетуде. Өткен жылы тауар айналымы 10 млрд долларға жуықтағаны айтылады.

– Алдағы мақсат – бұл көрсеткішті 15 млрд долларға жеткізу. Оған өнім түрлерін кеңейту және инвестиция көлемін ұлғайту арқылы қол жеткіземіз, – деді ол.

Түркиядан Қазақстанға 5 мыңнан аса компания инвестиция салып, оның жалпы көлемі 5-6 млрд долларға жеткен. Ал Қазақстаннан Түркияға салынған инвестиция көлемі 2 млрд доллардан асып, мыңға жуық компания жұмыс істеп тұр.

 

TuraNews

Back to top button