БастыСаясат

Қазақстан Түркия әскерилерімен бірлескен оқу-жаттығу өткізеді

ҚР Қорғаныс министрлігі 2024 жылға жоспарланған әскери жаттығулар туралы түсінік берді. 

Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында ведомство осы жылға жоспарлаған оқу-жаттығуларды жариялады. Бұл тұрғыда Түркия Қарулы күштерімен бірлескен «Қабылан жолы-2024» оқу-жаттығуы, сондай-ақ Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан қарулы күштері бөлімшелерінің қатысуымен «Бірлестік-2024» командалық-штабтық іс-шарасы өткізілмек.

Мұнымен қоса, биылғы жоспарда осы жиындар ұйымдастырылады:

– «Бекет – 2024» кешенді жаттығуы;

– әуедегі шабуылға қарсы қорғаныстың жедел-тактикалық «Ашық аспан-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы;

– Каспий маңы мемлекеттерінің (Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей) бірлескен жаттығулары;

– жедел-тактикалық «Айбалта-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы;

– «Тосқауыл-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы.

«Бұл жаттығулардың бұрынғыларынан айырмашылығына тоқталсақ, оқу-жаттығу тұжырымдамасы геосаяси жағдайды, өңірдегі және әлемдегі ахуалды ескере отырып, жыл сайын өзгереді», – делінген министрлік ақпаратында.

Сонымен қатар 2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында Қазақстан аумағында ҰҚШҰ бітімгер күштерімен бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Бұдан бөлек, екіжақты негізде Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қарулы күштерімен бірлескен оқу-жаттығулар ұйымдастырылмақ.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button