Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевке салтанатты түрде 15 мың тонна мазутқа сертификат тапсырды.
Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Тәжікстан Республикасының маңызды энергетикалық нысандарының тұрақты жұмыс істеуі мақсатында 2 млрд. 542 млн. теңге (шамамен $5,65 млн.) сомасына гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылданғанын атап өтті.
Гуманитарлық көмек «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің ықпалдасуымен жүзеге асырылғанын және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі мен қазақ-тәжік ғасырлық өзара әрекеттесуіне негізделген стратегиялық қатынастарды білдіру болып табылады.
Қазақстан тарапының Тәжікстанға көрсеткен гуманитарлық көмегінің жалпы көлемі ақшалай эквивалентте, 2006 жылдан бастап 50 млн. АҚШ долл. асады.