
ҚР ТЖМ таратқан дерекке қарағанда, Бішкек ЖЭО-дағы апатты жою бойынша қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен дизель отыны түріндегі 2 000 тонна гуманитарлық жүк бөлінді.
«28 ақпанда «Резерв» РМК «Заря» филиалынан 1 000 тонна дизель отынының бірінші партиясы 17 вагон-цистернамен жіберілді.
Гуманитарлық жүк Қырғыз Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдеріне берілетін болады», — делінген ақпаратта.