БастыСпорт

Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан құрамасы маусым айында Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті. Кездесу 11 маусымда Сомбатхей қаласының «Халадаш» стадионында болады. Басталуы Астана уақытымен 21:00-ге белгіленген.

Қос құрама бұған дейін 10 мәрте кездесті. Оның 5-де жеңіске жетсе, 2-і тең аяқталып, 3-де қарсыласына жол берді.

Айта кетсек, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымының жеребе тарту қорытындысы бойынша Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топқа түсті.

Қазақстандық футболшылар алғашқы ойынын өз алаңында Норвегияға қарсы өткізеді.

 

TuraNews

Back to top button