Түркия Республикасының Астанадағы Елшілігінің Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджу Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесті.
Кездесу аясында елордада инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан түрік компанияларының ағымдағы қызметі мен олардың әлеуеті сөз болды. Тараптар қазіргі уақытта атқарылып жатқан жұмыстарды саралап, алдағы кезеңде қолға алынатын жаңа бірлескен жобалардың жай-жапсарын талқылады. Екіжақты келіссөздер нәтижесінде Астана қаласындағы түрік инвестициясының қатысуымен өтетін жобалар аясын одан әрі кеңейтуге өзара дайындық білдірілді.


