Қазақстан мен Түрікменстан транспорт саласында ынтымақтастық жетілдіріледі
Қазақстан-Түрікменстан Транспорт, транзит және логистика жетілдіру ортақ жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды TuraNews.kz TRT агенттігіне сілтеме жасап.
Астана мен Ашхабат «Қытай-Қазақстан-Түрікменстан-Иран» дәлізін бірігіп жетілдіруге шешім қабылдады.
Қазақстан Транспорт министрлігі Баспасөз қызметінің хабарлауынша келісім Қазақстан-Түрікменстан Транспорт, транзит және логистика жетілдіру ортақ жұмыс тобының Ашхабаттағы алғашқы отырысында қамдалды.
Қазақстан Транспорт вице-министрі Талғат Ластаев пен Түрікменстан Министрлер кабинетіне қарасты Транспорт және коммуникация агенттігі бас директорының орынбасары Батыр Аннаев басшылығында өткен отырыста транспорт тақырыптары қаралды.
Жұмыс тобы теміржол қатынасы саласында бәсекеге ашық база саясатының қалыптасуына бағытталған істердің оң нәтижелеріне тоқталды және жұмысты сол қалпында жалғастыруға шешім қабылдады.
Отырыс нәтижесінде екі мекеме транспорт саласында ынтымақтастыққа байланысты хаттама және меморандумға қол қойды. Меморандумға қарағанда екі ел арасында теміржол және теңіз тасымалы саласында ынтымақтастық нығайтылады. Екі ел жерінде болатын тасымал істерінде ыңғайлы тариф қабылданады, мәлімет алмасу үшін инфрақұрылым жетілдіру және цирфлық шешімдер тақырыбында бірге шара қолданылады.
Қыркүйек айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елінің аймақтық орталық болу үшін барлық мүмкіндікке ие екенін айтқан болатын.