БастыСаясатЭкономика
Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады
8 шілдеде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға жұмыс сапарымен келген Түрікменстанның Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар қазақ-түрікмен ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы түрікмен әріптесін Қазақстанда Түрікменстанның мәдениет күндерінің сәтті өтуімен, сондай-ақ Астанада түрікмен ойшылы және ақыны Махтумкули Фрагиға ескерткіштің ашылуымен құттықтады.