Саясат
Қазақстан мен Түрікменстан көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов Түрікменстанның мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы Аманмухаммет Сазаковпен кездесті.

Іс-шара Түрікменстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті.
Кездесу барысында ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Сонымен қатар екі елдің ведомство басшылары Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Тараптар әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық танытты.



