Саясат
Қазақстан мен Ресей шекараны демаркациялау мәселесін Мәскеуде талқылады

Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркация комиссиясының жүз отыз бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Turanews.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобасын бекітіп, мемлекеттік шекара сызығын оның түрлі учаскелерінде белгілеу мәселелерін талқылады.
Комиссияның келесі отырысы 2023 жылғы қыркүйекте Қазақстан аумағында өтеді.