23 тамызда Қырғыз Республикасының Қазақстанға кіретін аумағында жүк көліктері шақырымдап кезекте тұр, деп жазады Turanews.kz.
Қырғыз Республикасы МҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 13:00-дегі жағдай бойынша «Ак-Тілек-автодорожный» бақылау-өткізу бекетінің алдында 493 жүк көлігі мен «Кен-Булун-автодорожный» бақылау-өткізу бекетінде 146 көлік тұр. Өткен тәулікте Қырғызстаннан Қазақстанға 112 көлік құралы шықты. Қырғыз тарапынан өткізу пункттері күнделікті режимде жұмыс істейтіні атап өтілді.
Қырғызстанның Шу облысында «Ақ-тілек-автожол» БӨБ алдында шатырлы көмек пункттері ашылды. Онда жүргізушілер мен жүк тасымалдаушыларға медициналық, психологиялық, консультациялық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ ыстық тамақ беру жұмысы ұйымдастырылады. Бұған дейін Қырғыз Республикасымен шекара учаскесінде 370-тен астам жүк көлігі тұрғаны хабарланған болатын. Оның себебін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.