Саясат

Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялау рәсімін аяқтады

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі толық аяқталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп жазады Turanews.kz тілшісі.

«4 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шарт күшіне енді. Шартқа 2022 жылдың 2 желтоқсанында Ташкентте екі мемлекеттің басшылары қол қойып, парламенттері ратификациялады. Осы шарттың күшіне енуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялаудың 19 жылдық процесіне нүкте қояды», — деді Айбек Смадияров БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде.

Еске салайық, былтыр 22 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Өзбекстан шекараларын демаркациялау туралы шартқа қол қойылған еді.

TuraNews

Back to top button