2009 жылғы санақтан бері Қазақстан халқы 20% өсті. Тиісінше, 2021 жылғы 1 қыркүйектегі санақ қорытындысы бойынша халық саны 19 186 015 адамды құрады, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Ұлттық статистика бюроысының мәліметінше, елде 2021 жылы жүргізілген халық санағының қорытындысын жариялады. 2009 жылдан бергі демографиялық өзгерістер жайында 9 жинақ жарияланады. Статистика елдегі урбанизация үрдісі 5%-ға артқанын көрсетті: қала халқының үлесі 56,1-ден 61,2%-ға дейін көбейді. Ал, сәйкесінше ауыл халқы бүгінде 38,8% болып отыр.
Сондай-ақ еліміз жас мемлекеттер қатарында саналады, қазақстандықтардың орташа жасы 32 жас. Мамандар санақ жүргізілген кезеңде 15 жасқа дейінгі балалардың үлесі 24,1-ден 29,4 пайызға жетіп, 5,6 млн адамды құрағанын атап өтті. 65 жастан асқан егде жастағы тұрғындардың үлесі де 7,1 пайыздан 8,2 пайызға дейін өсті.Елдегі ерлер мен әйелдердің үлесі 12 жыл ішінде айтарлықтай өзгермеген.