Қоғам

Қазақстан Халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті

Наурызда Астана қаласының Достық үйінде ҚХА-ның 30 жылдығы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, ҚХА Төрағасының орынбасарлары Лугмар Буларов пен Юрий Шин, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері және т. б. қатысты.

Отырыс барысында Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі жетістіктеріне, елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтаудағы ҚХА қоғамдық құрылымдарының рөліне назар аударды. Сондай-ақ, ҚХА кеңесінің мүшелерін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

TuraNews

Back to top button