«Министрлік биылдан бастап жоспарды, индикативтерді облыс әкімдіктеріне жеткізе бастады. Шындығында бұрын қанша пияз себу керек, жоспар қанша болуы тиістігі туралы индикатив болмаған. Биылдан бастап Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша индикативтерді облыстарға жеткіздік. Ал пиязға келер болсақ, шынында да алдыңғы жылдары баға қымбаттап, соған орай шаруашылықтар онымен айналыса бастады. Қазір жалпы әлемде пияз бағасы төмендеп кетті. Экспорт та құлдырады», — деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Оның атап өтуінше, алдыңғы жылдары еліміз 180 мың экспортқа шығарып отырған.
«Ал биыл 117 мың тонна жібердік. Яғни, экспорт 70 мыңға тоннаға төмендеді. Сондықтан баға да арзандады. Бірақ, оған қарамап отырған жоқпыз. Жұмыс жалғасып жатыр. Сауда, Көлік министрліктерімен жұмыс істеп жатырмыз. Грузия мен Әзербайжанға 160 мың тонна пияз сатуымыз керек. Олармен келісімшарт бар. Қазір логистика бойынша жұмыс істеп жатырмыз, көмектесеміз», — деді Айдарбек Сапаров.