
22 жастағы өскемендік Бағым Балтабаева Алматыда өткен «Қазақстан аруы-2024» сұлулық байқауының жеңімпазы атанды.

Оның айтуынша, ол отбасындағы көптен күткен қыз. Сондықтан да, ерке болып өскен.
«Еркелігіме қарамастан мен алға қойған мақсатыма жетпей қоймаймын. Алынбайтын қамал жоқ, бастысы — сенім»,- деп жазды жеңімпаз ару Instagram-дағы жазбасында.
Сондай-ақ, байқауда өзге де атақ иелері марапатталды:
- Айдана Әбілқасова, «Вице-мисс Қазақстан-2024»;
- Томирис Қадырхан, MISS EARTH;
- Дана Алмазова, MISS UNIVERSE.
Енді Бағым Балтабаева «Әлем аруы» әлемдік сұлулық байқауында еліміздің атынан шығады.