БастыЭкономика

Қазақстан 2022 жылы 65 млн тоннадан астам мұнай экспорттады

Қазақстан 2022 жылы 65 млн тоннадан астам мұнай экспорттады. Олардың жалпы сомасы шамамен 47 млрд долларды құрады. Бұл баға тарифы 2021 жылмен салыстырғанда 51%-ке артық, деп хабарлайды Turanews.kz Jibek Joly телеарнасына сілтеме жасап.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінще, Италия – отандық «қара» алтынның ең ірі сатып алушысы. Бұл елге әлемнің өзге елдеріне қарағанда мұнай сәл артық жеткізілді.

Сатып алушылардың тізімінде Нидерланд, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия, Франция, Румыния, Сингапур, Испания, Үндістан, Грекия, Швейцария және Израиль елдері бар.

 

TuraNews

Back to top button