БастыСпорт

Қазақ қызы тұңғыш рет семсерлесуден Олимпиадаға қатысады

Саблямен семсерлесуден Әйгерім Сарыбай Париж Олимпиадасына жолдама алды.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан семсерлесуден іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының қоржыны бір жолдамамен толықты, деп хабарлайды TuraNews.kz Bassport.kz-ге сілтеме жасап.

Саблямен семсерлесуден Әйгерім Сарыбай Париж Олимпиадасына жолдама алды. Ол финалда гонконгтық спортшыны 15:13 есебімен жеңді. Айта кетелік, аталған сында тек жеңіске жеткен спортшылар ғана олимпиадалық квота иегері атанады.

Әйгерім өз мансабында алғаш рет Олимпиадаға қатысқалы отыр. Бұған дейін ол Токио Олимпиадасына қатысу мүмкіндігін ала алмай, өзбек спортшысынан ұтылған болатын.

 

TuraNews

Back to top button