ҚоғамСаясатЭкономика

Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері тағы қаңтарылып тұр

Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасындағы «Ақтілек-автодорожный» өткізу пунктінде жүк көліктері тағы да кептеліп қалды, деп жазадыTuraNews.kz.

24.kg сайтының мәліметі бойынша, соңғы тәулікте Қырғызстаннан Қазақстанға 280 көлік кеткен.

20 қараша күні, сағат 11.00-дегі жағдай бойынша, «Ақтілек-автодорожный» бақылау-өткізу пункті алдында шекара тексерісінен өту үшін 500 жүк көлігі кезекте тұр.

Ресми деректерге сәйкес, бақылау бекетінде жүк көліктерінің жиналуы маусымдық жағдай болып табылады. Оған Қырғызстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері, халық тұтынатын тауарлар экспортының артуы себеп. Бұл ретте жануарлар мен тез бұзылатын өнімдері бар жүк көліктері бақылау-өткізу бекетінен кезексіз өтіп жатыр.

«Сондай-ақ, Қазақстан мен Қырғызстаның шекара қызметі тарапынан жүк көліктеріне ешқандай шектеу қойылған жоқ. Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасының барлық өткізу пункті қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», -делінген хабарламада.

TuraNews

Back to top button