Қоғам

Қазақ-өзбек шекарасындағы «Жібек жолы» өткізу бекеті жабылады

2023 жылы жөндеуге жабылған қазақ-өзбек шекарасындағы «Қапланбек — Науаи» бақылау-өткізу бекеті бүгін жұмысын қайта бастады.

— Қазақстан мен Өзбекстан кеден қызметтерінің келісімі бойынша «Қапланбек» өткізу пункті жаяу жүргіншілер, жеңіл автокөлік және автобустарды өткізу үшін ашылады. Бұл шешім Өзбекстан тарапындағы «Гишт-Куприк» өткізу пунктінің (Қазақстан тарапында «Жібек жолы») 1 ақпаннан бастап 2 айға жабылуына байланысты қабылданды, — деп мәлім етті Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінен.

Тиісінше, қос елдің кеден қызметтері азаматтарға сапарын алдын ала жоспарлауды ұсынды.

Айта кетейік, қазіргі таңда екі ел арасындағы шекараларда көліктерге арналған келесі бақылау-өткізу бекеттері жұмыс істеп тұр: «Қонысбаев» — «Яллама», «Қазығұрт» — «Наджимов», «Атамекен» — «Гүлістан».

Еске салайық, Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы мәселесін шешумен айналысатын жедел штаб құрмақ.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button