Қоғам

Қазақ-өзбек шекарасында кеден терминалы ашылады

Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласынан 450 шақырым жерде орналасқан «Дәуіт-ата» шекара бекетінің аумағында салынып жатқан кеден терминалының құрылысы аяқталуға жақын.

Өзбекстанның Кеден комитетінен мәлім еткендей, 6 гектарды аумақты қамтып жатқан терминал заманауи тексеру, рәсімдеу құрылғыларымен жабдықталған.

Атап айтқанда, кеден бекетінің жанында 350 жүк көлігі сиятын тұрақ, қонақ үйлер мен техникалық қызмет көрсету пункттері орналасқан.

Шекара бекетінің ашылуы Қоңырат-Бейнеу тасжолы құрылысының аяқталуымен тұспа-тұс келеді. Тиісінше бұл «Дәуіт-ата» арқылы өтетін тауар тасымалының артуына ықпал етпек.

Еске сала кетсек, өзбек тарапы қазақстандық «Жібек-Жолы» бекетімен ұштасып жатқан «Гишткуприк» өткізу пунктісіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын биыл аяқтамақ.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button