Спорт
Қатар-2022: Жапония жанкүйерлері ойыннан соң стадионды қоқыстан тазартып кетті
Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында жапониялық жанкүйерлер мәдениеттілік үлгісін көрсетіп, стадионда өздері отырған жердегі қоқысты тазартты.
Қатар астанасы — Доха қаласындағы «Халифа Интернейшнл» стадионында өткен ойында Жапония құрамасы Германияны 2:1 есебімен жеңді.
Тарихи жеңістен кейін жапониялық жанкүйерлер мәдениеттілік үлгісін көрсетті. Өздері орналасқан бөліктегі қоқысты тазартып, оны арнайы жәшіктерге жеткізді. Осылайша өзгелерге өнеге көрсетті.
Е тобында сынға түсетін Жапония құрамасы енді екінші турда 27 қарашада Коста-Рикамен кездеседі.