Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Швейцарияның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел халықтарының игілігі үшін өзара серіктестіктің одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Виола Амхердтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі.