Басты

Қарақалпақстандық қандастар Алматыда Наурыз мейрамын атап өтті

Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданы Жаңадария ауылының бұрынғы және қазіргі тұрғындары Алматы облысы, Іле ауданының Чапаев ауылдық округінде Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурыз мерекесінде Жаңадария ауылынан Қазақстанға оралған қандастар ғана емес, әлі де тұрып жатқандары арнайы келіп қатысты.

«Наурыз көже» пісіріліп, ән, терме, күйлер орындалған Ұлыстың ұлы күнінде Аманжол Есмырзаев, Ислам Қайруллаұлы, Бекен Арзиев, Абай Сәдуов, Мұхаметжан Шәкімалов, Айдар Мөкешов сынды әнші-термешілер өз өнерінен шашу шашып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сонымен қатар қазақ күресі, арқан тартыс және басқа да ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды. Ауыл қарттары туған жер туралы естеліктер айтып, дүниеден өткен ата-бабалар рухына дұға бағыштады.

TuraNews

Back to top button