Қоғам

Қарағанды қаласындағы апат: Жарық беру қалпына келтірілді

Қарағанды қаласында электр қуатын беру қайта қалпына келтірілді, деп Энергетика министрлігі хабарлайды.

Кейін өңір әкімі Ермағанбет Бөлекбаев облыс тұрғындарына мәлімдеме жасап, бүгін таңертең Қарағанды қаласының ЖЭО-3 станциясында және Топар ГРЭС-2-де штаттан тыс жағдай орын алғанын айтты.

«Қазіргі сәтте Топар ГРЭС-2 жүктемені көтеріп жатыр және менің тапсырмаммен бірінші орынбасарым Вадим Басин болған жағдайды анықтау үшін станцияға аттанып кетті. Жүктемені көтеру және өңір тұтынушыларына электр жарығын қысқа мерзімде беру үшін KEGOC-пен және барлық станциялармен барлық шаралар қолға алынып жатыр», — деген болатын Ермағанбет Бөлекбаев.

Еске салайық, бүгін Қарағанды облысының бас шаһарында абоненттердің басым дені жарықсыз қалған болатын.

 

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button