Мәдениет

Қандастар үшін тегін онлайн қазақ тілі курстары ашылады

«Отандастар» қоры тегін онлайн қазақша курстарды қайта ашылады. Курстар, шетелде тұратын және тіл үйренуге дайын этникалық қазақтарға да, шетел азаматтарына да беріледі. Бірегей жоба 2019 жылы басталды. Үш жыл ішінде 300-ге жуық адам курстарды аяқтаса, 2022 жылдың басынан бері курстарға денен қызығушылық артуда. Осы уақытқа дейін берілген өтініштер саны үш есеге өскен. Сонымен қатар, ағылшын, орыс, түрік және парсы тілдерін білетіндер үшін тегін онлайн қазақ тілі курстары да қолжетімді.

«Біз курстарды A1, A2, сондай-ақ B1 сияқты бастауыш деңгейден бастаймыз. Біздің студенттердің көпшілігі Ресейден, Түркиядан, Еуропадан және АҚШ-тан. Біздің бір топта Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бар, олар өздерін Dimash’s Dears деп атайды. Олар бізге үнемі қосылады. Сондай-ақ, жоба аясында түрлі байқаулар өткіземіз. Балаларға арналған «Достар алаңы» атты туындыны шығаруды жоспарлап отырмыз. Толығырақ сайтымызда және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады», — деп бөлісті «Отандастар» қорының Қандас халқын қолдау бөлімінің менеджері Еңлік Бердірахманова.

Сурет: the-village-kz.com

Source
Qazaq TV

TuraNews

Back to top button