БастыСаясатЭкономика

Қалдықты қайта өңдеу: Бектенов ведомстволарға нақты 5 тапсырма жүктеді

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізде тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстарын тиімді үйлестіру мақсатында мүдделі ведомстволарға 5 нақты тапсырма берді.

Бірінші, Экология министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 1 қыркүйекке дейін қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Ол қалдықтарды басқару процестерін орталықтандыруға, барлық мүдделі тараптарды тартуға, цифрлық экономика моделін құруға бағытталуға тиіс. 

Екінші, Экология министрлігі Өнеркәсіп қорымен және әкімдіктермен бірге қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды іске асыру жұмысын күшейтсін. 3 ай мерзімде бекітілген тізімнің ішінен қаржы бөлінген жобалар санын кемінде 5 есеге ұлғайту керек. Өңір әкімдіктері қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі әрбір жобаға олар іске қосылғанша толық қолдау көрсетсін. 

Үшінші, Экология, Энергетика министрліктері әкімдіктермен бірге екі апта мерзімде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату саласындағы жобалар тізбесін анықтасын. Әлеуетті инвесторларды тарту үшін сәуір айында аукцион ұйымдастыру керек. 

Төртінші, Өнеркәсіп және Энергетика министрліктеріне өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындарды қолдау мен ынталандырудың нақты шараларын әзірлеуді тапсырамын. Бұл көмір химиясы, құрылыс материалдарын жасау, жерде сирек кездесетін материалдарды алу салаларында жаңа өндірістер құруға мүмкіндік береді. 

Бесінші, Экология, Өнеркәсіп, Энергетика және Цифрландыру министрліктері коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқару, мониторинг жасау және бақылау саласында цифрлық шешімдер әзірлеуі қажет, — деді ол Үкімет отырысында.

Олжас Бектенов бұл тапсырмалардың орындалу барысын бақылауды бірінші орынбасары Роман Склярға тапсырды.

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button