Басты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қостанай облысына барады

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы әлеуметтік желіде 30 тамыз күні хабарлаған болатын, «Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады», – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.