Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения мен Әзербайжан арасындағы ұзақ жылдарға созылған қақтығыс кезеңі аяқталғанын мәлімдеді.
Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян 2025 жылғы 8 тамызда Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен өткен үшжақты кездесудің бір жылдығына орай өзінің Telegram-арнасында жазды. Сол кездесуде Баку мен Ереван арасындағы бейбіт келісімнің жобасы парафирленген болатын.
«2025 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. 8 тамызда Вашингтонда біз «Бейбітшілік декларациясы» деп атайтын бірлескен құжатқа қол қойылды. Содан бері Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнады және мұны барлығы сезініп отыр», – деді Пашинян.



