БастыСпорт

Париж Олимпиадасы: тарихта тұңғыш рет ерлер мен әйелдердің үлесі теңеседі

Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарында тұңғыш рет ерлер мен әйелдердің өкілдігі теңесті.

Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, Париж Олимпиадасында тұңғыш рет ерлер мен әйелдердің үлесі 50/50 пайызды құрайды. Ал еліміздің атынан Олимпия ойындарына баратын 80 спортшының 54-і ер, 26-сы әйел.

Қазақстан өз тарихында жазғы Олимпиадада 71 жүлде алса, оның 18-ін әйелдер жеңіп алған.

Әйелдер арасынан бірінші жүлдені 2000 жылы Сидней Олимпиадасында 110 метрге кедергімен жүгіру сайысынан Ольга Шишигина иеленді.

Ең көп 3 медальді 3 қарғып секіруден Ольга Рыпакова алды.

Ең көп 5 жүлде: Ауыр атлетика — 5 жүлде, күрес — 5 жүлде бұйырды.

Осыған дейін өткен Олимпиада ойындары мен осы додада топ жарған спортшыларымыздың көрсеткіштерін оқырмандар назарына ұсынғанды жөн санадық.

1996 жыл. Атланта Олимпиадасы.

96 қатысушы (72 ер, 24 әйел)

11 жүлдені де ерлер алды.

2000 жыл. Сидней Олимпиадасы.

130 қатысушы (86 ер, 44 әйел)

6 жүлдені ер және әйелдер арасындағы алғашқы жүлде Ольга Шишигинаға тиесілі.

2004 жыл. Афина Олимпиадасы.

114 қатысушы (71 ер, 43 әйел)

8 жүлдені ерлер алды.

2008 жыл. Бейжің Олимпиадасы.

130 қатысушы (60 ер, 70 әйел)

6 жүлдені ерлер, 3 жүлдені әйелдер еншіледі.

2012 жыл. Лондон Олимпиадасы.

113 қатысушы (73 ер, 40 әйел)

7 жүлдені ерлер, 4 жүлдені әйелдер еншіледі.

2016 жыл. Рио Олимпиадасы.

101 қатысушы (55 ер, 46 әйел)

10 жүлдені ерлер, 8 жүлдені әйелдер еншіледі.

2021 жыл. Токио Олимпиадасы.

97 қатысушы (64 ер, 33 әйел)

6 жүлдені ерлер, 2 жүлдені әйелдер еншіледі.

TuraNews

Back to top button