Әлем

Пәкістандағы теракт кезінде 35 адам қаза тапты

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы теракт кезінде 35 адам қаза тапты, деп хабарлайды Turanews.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыс елдің коалициялық Үкіметі серіктестерінің бірі Улем ислам қоғамының (JUI-F) конгресі өткізілген ғимаратта болған.

Шабуыл үшін жауапкершілікті әлі ешкім өз мойнына алған жоқ. Жарылыс салдарынан 35 адам қаза тауып, 80-нен астам адам жараланды.

Улем ислам қоғамының конгресіне 500-ден астам делегат қатысқан.

Қақтығыстар мен қауіпсіздікті зерттеу институтының статистикасына сәйкес, жыл басынан бері Пәкістандағы теракт саны 79 пайызға өсті.

Институттың мәліметінше, жарты жыл ішінде елде 271 теракт болып, 389 адам қаза тапқан.

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button