Әлем
Пәкістанда түрік университеттерінің жәрмеңкесі өтті
Түркиядан 13 университет «Түрік университеттері жәрмеңкесінде» мыңдаған студентпен бас қосты.

Түркиядан 13 университет Пәкістанның астанасы Исламабадта өткен «Түрік университеттері жәрмеңкесінде» мыңдаған студентпен бас қосты.
Жәрмеңкені 8 мыңнан астам студент тамашалады.
Студенттер университетке тіркелу үдерістері, жеңілдіктер, жатақхана мүмкіндіктері және шәкіртақылар туралы ақпарат алды.
22 қаңтар күні Лахор қаласында Түрік университеттерінің жәрмеңкесі өтті.