Пәкістан Үндістанды терроризмді қолдады деп айыптады

Пәкістан ішкі істер министрі Сарфараз Ахмед Бугти 29 қыркүйекте 57 адамның өмірін қиған шабуылдардың артында Үндістанның Research and Analysis Wing (RAW) барлау агенттігі тұр деп айыптады, деп жазады TuraNews.kz Uza.uz-ға сілтеме беріп.
Пәкістанның ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бугти шабуылдардың Белуджистан мен Хайбер-Пахтунхва провинцияларындағы бейбіт тұрғындарға бағытталғанын мәлімдеген.
Бугти лаңкестік топтардың әрекеттерін кімдер қолдайтынын жақсы білетінін және RAW-ті 57 адамның өмірін қиған шабуыл артында тұрғанын айтып, RAW пәкістандық тәліптерді қолдап отырғанын айтқан.
Ресми Нью-Дели қазірше Бугтидің айыптауларына әлі жауап берген жоқ.
Еске сала кетсек, 29 қыркүйекте Белуджистан провинциясының Мастунг ауданында адамдар жиналған мешіт маңында теракт жасалды және сол күні Хайбер-Пахтунхваның Хангу ауданында да жанкешті шабуыл жасалған.