Қоғам

Өзбекстанның үш университеті әлемдік рейтингіге енді

QS Sustainability Rankings – 2024 әлемдегі үздік университеттер рейтингіне үш өзбекстандық жоғары оқу орны енді, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Жалпы рейтингіге 95 елдің 1 397 оқу орны кірген. Оның арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару жүйесін ұйымдастыру және орнықты даму мақсаттарын орындауда жоғары нәтиже көрсеткен Өзбекстанның үш университеті бар.

Атап айтқанда, Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты 701-орынға жайғасты.

И. Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті 1101-орынға тұрақтаса, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті 1201-орында.

Рейтингінің көшін Торонто университеті бастап тұр. Екінші орында — Берклидегі Калифорния университеті, үздік үштікті Манчестер университеті түйіндеп тұр.

Тоқтала кетсек, үздік оқу орындарының тізіміне АҚШ-тың — 209, Ұлыбританияның — 93 және Қытайдың 90 университеті енген.

Еске салайық, бұған дейін аталған рейтингіге Қазақстанның 12 жоғары оқу орны кіргенін жазып едік.

TuraNews

Back to top button