БастыЭкономика

Өзбекстандағы BYD автомобиль зауыты маусым айында іске қосылады

Өндіріс орнында алдымен екі гибрид модель шығады.

Өзбекстанның Джизах облысындағы еркін экономикалық аймағында BYD автомобиль зауыты ағымдағы жылдың маусымында ашылады деп жоспарлануда.

Бұл туралы Өзбекстанның Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ТАСС агенттігі.

Биыл қаңтардың соңында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен BYD президенті Ван Чуанфу Джизах облысында қуаттылығы жылына 50 мың автокөлікті құрайтын электр және гибридті көліктерді құрастыру жобасын іске қосқан болатын.

Онда көліктер ірі торапты әдіспен жасалады. Сондай-ақ, Өзбекстан президенті зауыттың өндіріс көлемін жылына 300 мыңға жеткізуді ұсынды.

Зауыт екі гибрид құрастырады. Бірі Қытайда Destroyer 05 деп аталатын BYD Chazor седаны, екіншісі Song Plus кроссовері. Кейінірек бұл қатарға Han электромобилі қосылады.

Статистикаға сәйкес, 2023 жылы Өзбекстанға 291 миллион долларға, 8 мың 948 BYD автокөлік әкелінген.

Айта кетейік, BYD Қазақстанға да аяқ басады. Елімізде Қытай маркасының көліктері биыл саудаға түседі. Алғашқы моделі Han болды.

Source
Kolesa.kz

TuraNews

Back to top button