ӘлемБастыЭкономика

Өзбекстанда «зиянды» көліктерді «таза» көліктерге ауыстыру үшін субсидия бөлу жоспарлануда

Өзбекстанда «зиянды» санаттағы көліктерді «таза» санаттағы көліктерге ауыстыруды субсидиялау жоспарлануда.

Экономика және қаржы министрлігі бір ай ішінде бұл бастаманы қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлеуі керек. Бұл туралы Gazeta.uz жазады.

29 наурызда Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов көліктердің атмосфералық ауаға кері әсерін азайту шаралары туралы қаулыға қол қойды.

Құжатта автокөлікті ауыстыруға субсидия бөлу қарастырылған. Экономика және қаржы министрлігіне бір ай мерзімде Министрлер Кабинетіне «зиянды» санаттағы автокөліктерді «таза» санаттағы автомобильдерге ауыстыру үшін халыққа субсидиялар бөлу жүйесін енгізу туралы ұсыныс енгізу тапсырылды.

Министрлік сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау және оның ластануына жол бермеу бойынша «заманауи көзқарасқа негізделген» шараларды қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлеуі керек.

Дәл осы қаулыда автокөліктерді стандарттарға сәйкес автоматты түрде бағалау жүйесін енгізу, сондай-ақ жасыл, сары және қызыл түсті – «таза», «орташа» және «зиянды» экологиялық санаттағы жапсырмаларды тарату қарастырылған.

Қаңтар айында Қоршаған ортаны қорғау министрлігі электромобильдерге көшкен көлік иелеріне жеңілдіктер, преференциялар мен субсидиялар белгілеу механизмін қарастыруды ұсынды.
Айта кетейік, Сеулде (Оңтүстік Корея) 2009 жылдан бері экологиялық таза көлікті сатып алушыларды қолдау бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Субсидиялар ұсақ шаң мен парниктік газдардың мөлшерін азайту үшін бөлінеді.

 

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button